top of page

«ТҰРАН» университетінде WHITE HALL – дың ашылу салтанаты өтті

  • Фото автора: TURAN UNIVERSITY
    TURAN UNIVERSITY
  • 24 сент. 2019 г.
  • 1 мин. чтения

ree

Қазақстанның ЖОО-ның ішінде өзінің жаңашылдығымен ерекшеленетін «ТҰРАН» университеті бүгін өзін тағы да бір қырынан танытты. WHITE HALL аталатын конференция залы әсіресе университет студенттеріне түрлі іс-шараларды жоғырғы деңгейде өткізуге мүмкіндік бермек.



ree

Бүгін университет ректоры Рахман Алшанұлының бастамасымен жаңа WHITE HALL конференция залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. WHITE HALL - 90 адамға шақталып, жаңа технологиялармен жабдықталуымен ерекшеленіп, онда конференциялық жиындар, кездесулер, жиналыстар өзге де түрлі жобалар өткізуге ыңғайланған. Зал жаздың 3 айында салынып, жаңа оқу жылында жаңа бастамаларды күтуде.


ree

ree

Ақ залдың сәтті ашылуы сондай дәл осы күні Қазақстан мен Қытай арасындағы Жоғарғы оқу орындарының серіктестік форумы залдың тұсауын кесті. Бұл форумда Қытай еліндегі Шаньси провинциясының өкілдері өздерінің білім беру жүйесімен таныстырды. Форумға көптеген жастар қатысып, өздеріне қызықты мәліметтерді алды.


Ақерке САБЫРҚЫЗЫ

"Тұран" университеті, 3-курс студенті

Комментарии


Пост: Blog2_Post

©2018 by Тұранның жедел жаршылары. Proudly created with Wix.com

bottom of page