top of page
Фото автораTURAN UNIVERSITY

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАБЫРҒАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ

Обновлено: 5 окт. 2019 г.

Пікірсайыс — ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірсайыста қате көзқарасты әділ сынап жеңу көзделеді. Қыркүйек айының 16-жұлдызында "Тұран" университетінің қабырғасында Алматы Пікірсайыс Федерациясы бірлестігімен ұйымдастырылған «Primary 2019» атты Қалалық Пікірсайыс турнирі өткізілген болатын. Бір күнге созылған турнирге Алматы қаласы бойынша 13 жоғары оқу орнынан 43 фракция және 40 төреші, жалпы есебі 150-ден астам адам қатысты. Біздің «Sirius» Интеллектуалды Пікірсайыс клубының атынан қатысқан пікірсайысшылар өздерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Турнир қорытындасы бойынша: І орын: «ОG» фракциясы Нуржан Мадина, Мырзатай Жансерік; ІІ орын: «KN» фракциясы Кулахмет Нурдаулет, Узбекалиев Кенбай; ІІІ орын: «Dream team» фракциясы Бөлекбаев Ерлан, Нурахмет Айберген иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен, кубоктармен марапатталды. Бұл маусымашар турнирі жоғары дәрежеде өтті. Алматы Пікірсайыс Федерациясы «Сириус» Интеллектуалды Пікірсайыс клубы мен «Тұран» университетінің ұжымына өз алғыстарын білдірді.



Пікірсайыс технологиясы - білім беруде жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Пікірсайыс - әңгіме болғалы отырған заттар жайлы белгілі бір білімнің болуын талап етеді. Аталмыш заттар жайындағы білімдер жүйелі болмаған жағдайда да пікірсайысқа түсу мүмкін емес. Осы тұрғыдан қатысушылардың белгілі бір жүйелі білімі болады. Пікірсайыс технологиясын оку үдерісіне енгізу — бүгінгі заманнын талабы.


Жібек ӨТЕП

24 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


Пост: Blog2_Post
bottom of page